Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысы Молодежный кентінде жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жергілікті тұрғындар хабарлады.
"5 қабатты үйдің үшінші қабатында жарылыс болды. Көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу қазандығымен жылынады. Электр жарығы жиі өшеді, сол себепті тұрғындар газ плита қолданады", - дейді Молодежный кентінің тұрғыны.
Молодежный кентінің ПП-28 өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше қазіргі таңда жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр. Жарылыстан 3, 4, 5-қабаттағы үш пәтерге зақым келген. Абырой болғанда адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.