24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ерекше жоба «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынды. Балалар интерактивті дәрістер мен ашық сабақтар аясында қағаз, пластик пен шыныны сұрыптауды үйренді. Осы күндері танымдық сабақтар Шахтинск және Сарань қаласында өтіп жатыр. Оған өңір бойынша 30 мектептен мың жарымға жуық оқушы қатысты.
Ангелина Положаева, оқушы:
- Мектебімізде қағаз қалдықтарын, басқа да қоқыстарды қайта өңдеу акциясы өтіп жатыр. Біз осы сабаққа қатысып қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндік. Табиғатты, қала тазалығын сақтау өз қолымызда. Әр адам экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін өз үлесін қосуы тиіс деп ойлаймын.