Қарағанды облысында өрт сөндіруші тазы өсіріп, дәстүрді жаңғыртып келеді

23.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Азамат ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты өз кәсібімен табысты үйлестіріп, қазақ аңшылық дәстүрін сақтауға үлесін қосып келеді. Ол Қушоқы ауылдық округінде тұрып, азаматтық қорғау жүйесінде он жылдан астам қызмет атқарған. Өзінің мамандығын саналы түрде таңдағанын айтып, адамдарға көмектесу және қоғамға пайдалы болу ниеті шешуші рөл атқарғанын айтады.

Фото: Азамат Төкешовтің жеке мұрағатынан

— Адам өмірін құтқару — үлкен жауапкершілік пен абзал іс. Біздің негізгі міндетіміз — адамдар мен олардың үйлерін өрт пен басқа да төтенше жағдайдан қорғау, — дейді Азамат.

Қызметтен тыс уақытында ол саятшылықпен айналысады — дәстүрлі аңшылық өнерін, яғни аңшы құстар мен иттерді баптайды. 2021 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген бұл дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, қазақ мәдениетінде ерекше орын алады.

Фото: Азамат Төкешовтің жеке мұрағатынан

Қазір Азаматтың қолында бір бүркіт және сегіз тазы бар. Иттерді өсірумен ол 2018 жылдан бері айналысып келеді, бірақ ұлттық дәстүрге деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Уақыт өте келе бұл қызығушылық нағыз кәсіби іске айналды.

Фото: Азамат Төкешовтің жеке мұрағатынан

— Тазы — ақылды, жылдам әрі төзімді иттер, мінезі таза және асыл. Қазақ халқы үшін бұл жай ғана ит емес, тарих пен мәдениеттің айнасы. Мен үшін олар адал дос та, сенімді серік те, — дейді Азамат.

Фото: Азамат Төкешовтің жеке мұрағатынан

Саятшының еңбекқорлығы жемісін беріп жатыр. Өткен жылы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған республикалық «Кұмай тазы» жарысында Азамат Желқара есімді тазы итімен бірінші орынға ие болды.

Фото: Азамат Төкешовтің жеке мұрағатынан

Бұған дейін режиссер Қанат Бейсекеев Қазақстандағы аңшылық пен қазақы ит тұқымын сақтап жүрген жандарға арналған «Тазы» деректі фильмін көрерменге ұсынғаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью