Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар алдын ала сөз байласып, қылмыстарды нақты жоспарланған схема бойынша жасаған.
"Жыл басында күдіктілер Лобода көшесіндегі тұрғын үйлердің біріне металл қоршауды, пластик терезені күшпен бұзып, заңсыз кірген. Содан алтын бұйымдар мен гауһар тастары бар әшекейлер (шамамен 40 атау), күзен тон және ноутбукты ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 20 миллион теңгеден асып отыр. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер олардың өңір аумағында тіркелген өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.