Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қарағанды облысының аумағында "Takorp" қаржы пирамидасы ұйымдастырған тұрғын сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ұйымдастырушылар азаматтарға тартылған қаржының 100 пайызына дейін жылдам табыс беруге уәде еткен.
"Сыйақы мөлшері жаңа қатысушыларды тартуға және олардың жүйедегі белсенділігіне байланысты болған. Тергеу барысында 32 мың доллардан астам соманың криптовалютасына тыйым салынды", - дейді Қарағанды облысының прокуратурасы.
Сот үкімімен сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Айта кетері, биыл Қарағанды облысында қаржы пирамидаларын құру және оларға басшылық ету фактілері бойынша 3 қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша заңсыз схемаға 400-ден астам салымшы тартылған.
Былтыр сотқа дейінгі 4 іс тіркелген. Заңсыз қызметтің салдарынан 50-ден астам азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 67 миллион теңгеден асты.