Қарағанды облысында құлаған әскери ұшақ жөндеуге жарамды ма министрлік жауабы

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

– Ұшақты қалпына келтіру және оны әрі қарай пайдалану жарамдылығы мәселесі Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясының құзыретіне жатады. Әуе кемесін жөндеу және қайта пайдалану мүмкіндігі туралы түпкілікті шешім алынған зақымдардың сипаты, экономикалық орындылығы және нормативтік құжаттардың талаптары ескеріле отырып, кешенді техникалық сараптама нәтижелері бойынша қабылданады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрліктен апаттың себебі жөнінде де сұраған едік.

– Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырау себептерін анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Комиссия жұмысы аяқталып, тиісті процестік шешімдер қабылданғанға дейін апат себебі туралы қорытынды жасау мүмкін емес, – делінген ресми жауапта.

Еске салайық, Су-30СМ жойғыш ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Қарағанды қаласынан 26 шақырым жерде құлаған.

Экипаж дер кезінде катапультамен секіріп үлгеріп, екі ұшқыш та аман қалды. Министрлік мәліметінше, олар медициналық тексеруден өтті. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, ұшқыштардың өміріне қауіп жоқ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью