Қарағанды ​​облысында спортшылар бандасы рэкет және тонаумен айналысқан

31.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау, дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстарға тартқаны анықталған.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау деректері бойынша алты қылмыстық іс қозғалған.

"Қабылданған шаралар мен жедел әрекет нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс қарулары, суық қарулар, оқ-дәрілер, көліктер, ірі көлемдегі ақша, соның ішінде шетел валютасы, сондай-ақ, қылмыстық істер үшін маңызы бар өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью