Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оқиға 29 сәуір күні шамамен сағат 14:00-де қаладағы киім сататын бутиктердің бірінде болған.
Белгісіз әйел 70 жастағы сатушының сеніміне кіріп, сыртқы келбеті 10 мың теңгелік банкнотқа ұқсас купюрамен есеп айырысып, материалдық шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.
Ол 38 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.