Қарағанды ​​облысында жоғалған екі ер адам табылды

18.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

17 қаңтар күні сағат 11:45–те із-түзсіз жоғалғандар туралы кезекші пунктке хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша олар 16 қаңтар күні кешке «Тойота Лэнд Крузер» көлігімен мал іздеп, Кварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына шығып, одан кейін хабарсыз қалған.

Іздестіру кезінде туыстары көлікті Айданың қыстағынан тауып алды. Алайда ішінде адам болмаған. Одан кейін полиция Төтенше жағдайлар департаменті мен еріктілерді тарта отырып, іздеу-құтқару жұмыстарын бастады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 39 және 68 жастағы ер адамды тапты. Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қарағанды облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған 12 адамды құтқарды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью