Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Қарағанды облысында жол апатынан "Елім-ай" футбол командасының ойыншысы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көкшетаудың "Елім-Ай" футбол клубының 29 жастағы ойыншысы және "Скаут" балалар клубының жаттықтырушысы Илья Буртов жол апатынан қаза тапты.
Қайғылы оқиға 6 маусымда Қарағанды облысының Дубовка кентінің маңындағы автожолдың 1-ші шақырымында болған.
"Chevrolet Сobalt көлігінің 21 жастағы жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Opel Vectra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді Қарағанды облысының полиция департменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай футболшы Илья Буртов ауруханада көз жұмды. Жарақаты ауыр болғандықтан науқасты құтқару мүмкін болмаған. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.