Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

20.03.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

КТК дерегіне сүйенсек, оқиға Ақшатау ауылынан 40 шақырым жерде болды. Үш жолаушысы бар көлік Ақжал кентінен Шет ауданының орталығына кетіп бара жатқан. Жолдың осы бөлігінде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Жол апатынан 30 жастағы жүргізуші мен 32 және 61 жастағы екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Салонда болған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Апатқа жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп деген болжам бар.

Бұған дейін Маңғыстауда көлік жыраға түсіп кеткенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью