Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның егжей-тегжейін жариялады.
"24 қазанда Қарағанды облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі бақыланбайтын теміржол өткелінде жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Бұл оқиға полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.