Қарағанды облысындағы алтын кенішінде жұмысшы мерт болды

24.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Алтыналмас АК» АҚ-ның «Пустынное» тау-байыту кешені аумағында жазатайым оқиға болып, бір жұмысшы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Компанияның мәліметінше, қайғылы жағдай 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында тіркелген.

Оқиға салдарынан «Пустынное» ТБК-нің екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі көз жұмған.

«Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті мемлекеттік органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз», – делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ «Алтыналмас АК» АҚ марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью