Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қарағанды облысының сарапшылары мен жастар ұйымдарының жетекшілері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оны қабылдауды қолдайтындарын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу ел болашағы, жастардың рөлі және азаматтардың өмірін айқындайтын негізгі қағидаттар туралы ашық пікір алмасу алаңына айналды. Жастар ұсынылып отырған бастамалардың прогрессивті әрі инновациялық сипатын атап өтіп, олардың құқықтарын қорғауды күшейтетініне сенім білдірді.
Жиынға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Кобжанов пен Бекзат Алтынбеков қатысты.
Өз сөзінде өңір басшысы жаңа Конституцияны қабылдау – тек құқықтық құжатты жаңарту емес, технологиялық революция жағдайында мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам екенін атап өтті.
«Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу – маңызды әрі тарихи шешім. Бұл жекелеген нормаларды түзету ғана емес, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін мемлекеттік құрылымның жаңартылған моделін қалыптастыру. Біз бұл шешімге ауқымды саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыра отырып келдік. Жаңа Конституция бірлік, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтай отырып, жеке тұлғаны қорғауды күшейтеді – кінәсіздік презумпциясын, жеке бостандықтарды және адвокаттың рөлін нақты бекітеді. Бүгін біз болашақ өміріміздің негізін айқындап отырмыз, сондықтан дұрыс таңдау жасау маңызды», деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімі 2019 жылдан бастау алған және қоғамдық, мемлекеттік әрі экономикалық жүйені жаңғыртуға бағытталған реформалардың хронологиясына тоқталып, олардың заңды жалғасы ретінде жаңа Конституция ұсынылып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар реформаларды жүзеге асырудағы және Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы жастардың рөліне ерекше мән берді.
Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Кобжанов пен Бекзат Алтынбеков комиссия құрамындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, конституциялық реформаны әзірлеу барысында қоғамдық қатысудың маңызын атап өтті.
«Талдау Қарағанды» өңірлік аналитика мектебінің қатысушысы Асылжан Төлегенов экологиялық қағидаттарды конституциялық деңгейде бекітудің маңыздылығына тоқталды.
«Жаңа Конституция жобасында экологиялық мәселелер орнықты даму қағидаттары арқылы көрініс тапқан. Мұнда «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының логикалық жалғастығы байқалады. Экология – бұл тек жекелеген экологиялық заңнама мәселелері емес, қоршаған орта мен табиғи ресурстарға деген көзқарасымыз. Жобаны әзірлеу барысында қоғам тарапынан жоғары белсенділік болды. Бұл құжатты біз, қазақстандықтар, өзіміз үшін жаздық», деді Асылжан Төлегенов.
Облыстық Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Жанбота Елубаев Конституцияның зияткерлік меншікті қорғаудағы және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы рөліне тоқталды.
«Ұлт қазына» жобасының менторы Салтанат Қайырбек конституциялық реформа адами капитал мен креативті саланы дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
«Конституциялық реформа – бұл жаңа мүмкіндіктермен қатар институттардың жауапкершілігін арттыру. Үшінші бапта адами капитал мемлекеттің негізі екені айқын көрсетілген. Демек, ғылымды, білімді және мәдениетті дамытуға айрықша мән беріледі. Біздің өңірде мәдени іс-шаралар форматынан мәдени өндіріс пен креативті индустрияны дамытуға көшу бағытында жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл – жаңа Конституция талаптарына сай келетін уақтылы қадам», деді ол.
Кездесу барысында қатысушылар конституциялық реформалардың негізгі бағыттарын талқылап, пікір алмасты және өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Соңғы жаңалықтар
Жапонияның Ұлттық күніне орай Астанада жапон салты орындалды
Мереке • Бүгін, 17:34
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 17:31
Әуе билетіндегі қате жазылған деректер қандай жағдайда тегін түзетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:21
Ақтөбе облысында жолды күтіп-ұстамаған 66 шенеунік жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:06
Жұмыс орындары, технологиялар, инвестициялар: ТШО-ның жергілікті өндірісті дамытудағы рөлі
Экономика • Бүгін, 16:52
Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалы құрылды: 1 000 іс-шара өткізіледі
Елорда • Бүгін, 16:44
Ғалымдар диабет және жүрек ауруларының алдын алатын өнім әзірлеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:33
Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты
Экономика • Бүгін, 16:30
Шымкентте тасқын қаупі сейілді ме?
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Қысқы Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға өтті
Қысқы спорт • Бүгін, 16:03
Қазақстанда бірыңғай медиа-платформа құрылады
Қоғам • Бүгін, 15:51
Шымкентте креативті индустриядан түскен салық көлемі 500 млн теңгеге артты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Ұландықтар самбодан ел чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:43