Қарағанды: Трагедиядан кейін инфекциялық орталықты тексеру

21.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қарағандыда 2024 жылы туған сәбидің өлімінен кейін облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында жоспардан тыс тексеру басталды. Тексеруді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды TengriHealth.

Қарағандыда 2024 жылы туған сәбидің өлімінен кейін облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында жоспардан тыс тексеру басталды. Тексеруді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ақпарат жариялады. Онда "2024 жылы туған баланың қайтыс болуына байланысты аумақтық департамент Қарағанды қаласындағы Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады" делінген.

Оған медициналық көмектің сапасына қатысты түскен шағым мен 2026 жылғы 20 сәуірде тергеу органдары шығарған қаулы негіз болған.

"Тексеру кезінде көрсетілген көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық жабдықтардың жай-күйі жан-жақты қаралады, - делінген хабарламада.

Тексерудің әділ өтуі үшін тәуелсіз сарапшылар мен балалар реаниматологиясы, пульмонология, жұқпалы аурулар, клиникалық фармакология, балалар хирургиясы, аллергология және сәулелік диагностика саласының мамандарынан комиссия құрылған. Сондай-ақ, жұмыс тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы мен Астана қаласындағы медициналық университеттің мамандары тартылған.

Комитет мәліметінше, бала 2026 жылғы 25 наурыздан 17 сәуірге дейін стационарда ем алған. Оған сепсис диагнозы қойылып, жағдайы полиоргандық жеткіліксіздікпен, аралас шокпен, ауыр респираторлық дистресс-синдроммен және қосымша инфекциялармен асқынған.

"Емдеу барысында облыстық және республикалық мамандардың қатысуымен 12 рет консилиум өткізіліп, қарқынды антибактериалды және реанимациялық ем жүргізілген. Соған қарамастан, 17 сәуірде сағат 13:01-де бала қайтыс болды", - деп хабарлады комитеттегілер.

Мән-жайы

Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы 2026 жылғы 7 мамырға дейін дайын болады. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалып, материалдар тергеу органдарына беріледі.

Комитет жағдайдың ерекше бақылауда екенін жеткізді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Telegram-арналардың бірінде Қарағандыдағы облыстық инфекциялық ауруханада бір жас үш айлық қыз бала шетінеп кеткені хабарланған болатын.

БАҚ мәліметінше, бала ауруханаға ішек инфекциясымен жатқызылған, кейін жағдайы нашарлаған соң реанимация бөліміне ауыстырылып, ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппаратына қосылған. Үш жарым аптадан кейін нәресте көз жұмды. Сонымен қатар қайтыс болған қыздың анасы құзырлы органдардан мыңдаған өмірді сақтап қала алатын ЭКМО аппараттарын сатып алуды сұрағаны айтылды. Оның сөзінше, ауруханада мұндай жабдық болмаған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қарағанды

бала өлімі

тексеріс

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью