Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ұлытау облысы мен Қарағандыны жалғайтын тасжол 50 жылдан бері алғаш рет жаңартыла бастады, деп хабарлайды Tengri Auto.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, Қарағандыдан Жезқазғанға баратын жол жүргізушілер үшін үш есеге қысқарады. Қалалар арасында ұзындығы 457 шақырым болатын жаңа трасса салынады. Ол қазіргі қолданыстағы жолға параллель өтетін болады.

Қазіргі уақытта магистральдің негізін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Екі миллион текше метрден аса жер үйіндісі қалыптастырылып, жүз қырық шақырымнан аса учаскеде топырақтың құнарлы қабаты сылып тасталды.

"Құрылыс жұмыстарына 450 бірлік жол-құрылыс техникасы мен 676 маман тартылды. Сонымен қатар құрылыс алаңдарында өндірістік базалар мен вахталық қалашықтарды салу және жабдықтау, құрылыс материалдарын дайындау, сондай-ақ топырақ пен тас карьерлерін игеру жұмыстары жалғасуда", - деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Автожол жобаларын іске асыру департаментінің инженері Ержан Байсейітов.

Жобаны толықтай 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандағы тағы төрт тасжолда орташа жылдамдық тіркеле бастайды

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью