Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Үкімет Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба аясында Қарағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылында қуаттылығы жылына 1 миллион тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін кәсіпорын салу көзделген.
Жалпы жеке инвестиция көлемі 63,5 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар кәсіпорында 500 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал жерасты шахтасының құрылысы қосымша 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Жоба көмір шикізатын терең өңдеуді дамытуға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған. Өнім металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы және фармацевтика салаларында кеңінен қолданылады.
«Зауыт құрылысы көмір шикізатын терең өңдеуді дамытуға, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға және Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға бағытталған. Көмір химиясы өнімдері энергетика, ауыл шаруашылығы, металлургия, фармацевтика және басқа да салаларда кеңінен қолданылады. Ішкі нарық толық қамтылған соң, артық өнім экспортқа шығарылады», делінген хабарламада.
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін ұлттық оператор институты құрылады
Алғашқы кезеңде зауыт жылына 500 мың тонна кокс өндіреді, ал 2031 жылға қарай толық қуатқа шығуы жоспарланып отыр. Сондай-ақ инвестор құрылыс барысында отандық өндірушілердің тауарларын, жұмыс күшін және қызметтерін пайдалануға басымдық беруге міндеттеме алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін маркетплейстерге «Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық тауар таңбасын енгізу міндеттелген болатын.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Энергетика • Бүгін, 16:07
Үкіметте ұлттық жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру тәсілдері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:50
Трамп әлеуметтік желіде Венесуэланы АҚШ-тың 51-штаты ретінде көрсетті
Әлем • Бүгін, 15:42
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
Әлем • Бүгін, 15:31
Қазақстанда 3 жаңа орден пайда болады
Тағзым • Бүгін, 15:27
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Қоғам • Бүгін, 15:20
Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді
Экономика • Бүгін, 15:17
Министр: Елімізде интернет жылдамдығы 75 пайызға артты
Технология • Бүгін, 14:59
Көкшетауда әйелді қағып кеткен оқиға: Тергеу бір ай ішінде аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:50
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін ұлттық оператор институты құрылады
Қоғам • Бүгін, 14:20
Енді блогерлер жасырын саяси үгіт үшін жауапқа тартылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:10
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Парламент • Бүгін, 13:51
Қазан айынан бастап пайызсыз ипотека берілуі мүмкін: Бастапқы жарна қанша?
Ипотека • Бүгін, 13:40
Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?
Сайлау • Бүгін, 13:23
Енді мұғалім оқушыға тек сабақ кезінде жауапты: Мәжіліс жаңа заңды мақұлдады
Парламент • Бүгін, 13:18