Қарағандыда 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды

14.09.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өрт шамамен 200 шаршы метр аумаққа тараған. Ғимараттың ағаштан жасалған қабатаралық жабындысы, жиһаз, тауарлық-материалдық құндылықтар, жылу оқшаулағыш материал және ғимараттың сыртқы пластик қаптамасы жанған.

Жоғары температураның әсерінен жақын орналасқан жапсарлас нысанның пластик қаптамасы мен жиһазы да зақымданған.

Өртті сөндіру кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 литр болатын екі газ баллонын алып шыққан. Осылайша алда болып қалуы мүмкін деген қосымша қауіптің алдын алды.

Өрт қазіргі таңда толықтай сөндірілді. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью