Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
— Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, — делінген прокуратураның хабарламасында.
Тағы 36 талап-арыз сотта қаралып жатыр.
Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралып жатыр.
Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.
Бұл жұмыс жалғасын табады.
Бұған дейін Павлодарда мас күйінде көлік басқарған 267 жүргізуші ұсталды.