Қарағандыда аударылған автобус: науқастардың жағдайы белгілі болды

06.04.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында жол апатына түскен автобус жолаушыларының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше автобустың 50 жолаушысы да ауруханаға жеткізілген.

"44 науқас амбулаториялық емделуге жіберілді, орташа ауырлықтағы жарақатпен 7 науқас әртүрлі бөлімшеге жатқызылды. Жағдайы тұрақты, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр", - дейді басқарма мамандары.

Еске сала кетейік, күні кеше Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 50 жолаушы мінген автобус жол апатына түсті. Автобус вахта жұмысшыларын тасумен айналысқан. Оқиға Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болды. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін оқиға орнына құтқарушылар мен авиация келді. "Қазавиақұтқару" әуе кемесімен үш адам Қарағандының медициналық мекемелеріне жеткізілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью