Қарағандыда ауруханадан 20 науқас эвакуацияланды

02.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында көпбейінді аурухана маңында өрт шығып, 20 науқас эвакуацияланды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қарағандының Қазыбек би ауданындағы Мұқанов көшесінде орналасқан көпбейінді аурухана аумағында жиналған макулатура өртенді. Өрт жалыны негізгі бес қабатты ғимаратқа жалғасып салынған бір қабатты кіреберістің ағаш шатыр конструкциясына тарады.

"Құтқарушылар аурухана әкімшілігімен бірлесіп, қауіпсіздік мақсатында 20 науқасты ғимараттың көршілес блогына көшірді. Өрт 25 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", - дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде оттың негізгі және оған жалғасып салынған ғимараттарға одан әрі таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью