Қарағандыда бағдаршамға соғылған жүргізуші көз жұмды

02.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 2 қараша – Sputnik. Қарағандыда көлік бағдаршамға соғылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 2 қараша сағат 00.20-да Крылов-Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

"Range rover" автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі бағдаршам бағанымен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлайды ведомство.

Жүргізуші салонда жалғыз болған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, дейді полиция.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью