Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қарағандыдағы аулалардың бірінде жанжал шығып, салдарынан бір бала зардап шекті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жағдайға қатысты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қарағандыдағы аулалардың бірінде жанжал шығып, салдарынан бір бала зардап шекті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жағдайға қатысты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болған?Алдын ала мәлімет бойынша, 12 сәуірде Трудовая көшесіндегі №27 үйдің ауласында балалар арасында жанжал туындаған. Олардың бірі ата-анасына хабарласқаннан. Осыдан кейін жағдай ушыға түскен.
Оқиға орнына ересектер келген.
Жарияланған кадрлардан әйелдің балаға дөрекі сөйлеп жатқанын, ал жанындағы ер адам кенеттен оның мойнынан ұстап, итеріп жібергенін көруге болады.
Полиция пікіріҚарағанды облыстық Полиция департаменті бейнежазба әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғанын хабарлады. Ресми арыз түспегеніне қарамастан, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушылардың кім екенін жедел анықтаған.
"Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жанжалдың шығу себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство кез келген дау-дамай тек құқықтық шеңберде шешілуге тиіс екенін және күш қолдануға жол берілмейтінін баса айтты.