Қарағандыда бұрынғы сүйіктісі мен кішкентай қызын өлтірді деген күдікті өз өзіне қол жұмсаған

27.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қарағанды облысында бұрынғы сүйіктісі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Соның нәтижесінде Қарағанды қаласында болған қылмысқа қатысы бар делінген 39 жастағы ер адамның мәйіті анықталған.

Алдын ала деректер бойынша, ол өз атына тіркелген қарумен өзіне қол салған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью