Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды

09.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қарағанды қаласында «Есірткіге қарсы бірге күресейік» ұранымен кең көлемді акция ұйымдастырылып, қоғамды қауіпті індетке қарсы жұмылдыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ІІМ

Іс-шараны қалалық полиция басқармасы өткізді. Басты мақсат – жастар арасында есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындарды құқықбұзушылықтардың алдын алуға белсенді тарту. Акцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 500-ден астам студенті, сондай-ақ еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.                                                                                        

Ақтөбе облысында есірткі бизнесін жүргізгендер 17 жылға сотталды

Ішкі  істер министрлігінің мәліметінше, акцияның негізгі бағыттарының бірі – есірткі жарнамасын жою. Ортақ күштің нәтижесінде қала аумағында тыйым салынған заттарды насихаттайтын интернет-ресурстарға сілтемелері бар 2 мыңнан астам граффити анықталып, толықтай боялып, жойылды.

«Іс-шара барысында есірткі жарнамаларын жоюға ерекше назар аударылды. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 2 мыңнан астам граффити жойылды», деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.

Сонымен қатар акция аясында тұрғындармен кең көлемде түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қала тұрғындарына есірткінің зияны, мұндай қылмыстарға қатысқаны үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ олардың таралуына тосқауыл қою жолдары жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды

Полиция өкілдері акцияға белсенді қатысып, азаматтық ұстаным танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

«Есірткі қылмыстарының алдын алу және оларға қарсы күрес жұмыстары өңірде жүйелі түрде жалғасады», деді Шахназар Салин.

Жетісу облысында есірткі дайындаумен айналысқан 2 шетелдік азамат ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов «Семей орманында» ЖИ негізіндегі өртті ерте анықтау жүйесін тексерді

Аймақтар • Бүгін, 13:45

Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады

Білім • Бүгін, 13:27

Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді

Қоғам • Бүгін, 13:05

Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Энергетика вице-министрі жанармай құнының өзгеруі туралы

Экономика • Бүгін, 12:49

Психикалық саулық – тұрмыстық қызмет емес: Аймағамбетов саланың реттелмегенін сынға алды

Қоғам • Бүгін, 12:35

Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Қоғам • Бүгін, 12:16

Әрбір инвесторға нақты прокурор бекітіледі: Жаңа сүзгі қалай жұмыс істейді?

Экономика • Бүгін, 12:05

Бразилияда әлем чемпионаты кезінде стадион өртенді: Спортшылар аман ба?

Спорт • Бүгін, 11:49

Қорғалжында дамбы жарылды: Астана – Қорғалжын жолын су шайып кетуі мүмкін бе?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Жұмыс істеп жүрген ұстаздар біліктілік тестін тапсырудан босатылды

Білім • Бүгін, 11:22

Қазақстанда бала құқығын қорғау комиссияларының қызметі қайта жүйеленді

Қоғам • Бүгін, 11:08

Шетелдіктерді заңсыз тіркеген: Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 10:57

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады

Білім • Бүгін, 10:44

Ормұз бұғазы қайта жабылды

Әлем • Бүгін, 10:37

3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды

Шаруашылық • Бүгін, 10:22

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью