Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қарағандыда Орталық саябақ маңында Face ID жүйесімен жабдықталған алғашқы жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қарағандыда Орталық саябақ маңында Face ID жүйесімен жабдықталған алғашқы жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жүйе қалай жұмыс істейді?Жүйе бағдаршамның қызыл түсіне өткендерді тіркеп, ақпаратты саябақ кіреберісіндегі полиция бекетіне жібереді. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншіні бірден тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Сондай-ақ кешен ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жүйе тестілік режимде жұмыс істеп тұр.
Айыппұл сомасыЕске сала кетейік, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін жаяу жүргіншіге 8 650 теңге, ал қайталап бұзғаны үшін 43 250 теңге айыппұл салынуы мүмкін.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Қарағандыда жаяу жүргіншілер өткелінде 54 адам зардап шеккен. Сол себепті қалада жаңа интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері енгізіле бастады: барлық шара жаяу жүргіншілерді қағу оқиғаларын азайтуға және жол қозғалысына қатысушылар тәртібін арттыруға бағытталған.
Бұған дейін Шымкентте “жасыл дәліз“ жасайтын ақылды бағдаршамдар іске қосылғаны хабарланған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу