Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концертке 250 мың көрермен жиналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, мұндай ауқымды концерт Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылмаған. Мерекелік шараға Ұлыбритания, Италия, Испания, Моңғолия және ТМД елдерінен арнайы қонақтар келген.

Іс-шараны өткізу үшін қалада 5 гектардан астам аумаққа арнайы алаң жабдықталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында концерт алаңы төрт секторға бөлініп, жедел қызметтердің қозғалысына арналған арнайы жолақтар ұйымдастырылған. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, жағдай әуеден бақыланған.

Әкім орынбасары 250 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету көптеген қызметтің бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

«Кеншілер күні – Қарағанды үшін күнтізбедегі қатардағы мереке емес. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне маңдай терін төгіп, адал еңбек еткен жандардың мерекесі», – деп жазды Әлденей Әлібек.

Ол мерекелік шараны ұйымдастыруға атсалысқан Qarmet компаниясына, концерттік бағдарламаны өткізген Brave Talent продюсерлік орталығына, сондай-ақ полиция, Ұлттық ұлан, құтқарушылар, дәрігерлер, коммуналдық және көлік қызметтері мен еріктілерге алғыс білдірді.

Әлденей Әлібектің сөзінше, бірнеше сағатқа созылған мерекенің артында бірнеше айлық дайындық пен жүздеген адамның еңбегі тұрған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью