Қарағандыда өрт сөндірушілерге жол бермеген жүргізушілер жазаланады

30.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағанды қаласында өрт сөндірушілер мен құтқару қызметінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, рейд өткізді.

Арнайы дыбыстық сигнал қосылған қызметтік көліктерге жол бермеген жүргізушілерге ескерту жасалды. Мамандардың айтуынша, былтыр төтенше жағдай қызметі 6500-ден астам шұғыл шақыртуға шыққан. Мұндай сәттерде әр минуттың маңызы зор. Алайда кейбір жүргізушілер арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтіріп, жол бермей жатады. Заң талаптарына сәйкес, дыбыстық және жарық дабылы қосылған арнайы көліктерге жол бермеген жүргізушілерге 86 мың 500 теңге айыппұл салынады. Егер бұл жайт қайталанса, айыппұл көлемі ұлғайып, 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған. Қазір тәртіпті бақылау мақсатында 315 арнайы техника бейнекамерамен жабдықталған. Былтыр жол-көлік оқиғаларының бірінде бейнежазба арқылы жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсі дәлелденді.

Мақсат Дүйсенбаев, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары:

- Кейбір жүргізушілер, ондайлар бар. Әдейі жол бермейтіндер, өткізбейтіндер бар. Олар енді білмейтін де шығар, техника өрт сөндіруге немесе авариялық-құтқару жұмысына бара жатқанын. Әр секунд, әр уақыт бізде адамның өмірі ғой.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью