Қарағандыда өртенген үйден 33 адам эвакуацияланды

13.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қарағанды қаласы, Анжерская көшесіндегі 9 қабатты үйдің бірінші қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабар 112 нөміріне түскен.

-Оқиға орнына жетісімен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімше қызметкерлері тұрғын үйде қою түтін тарап жатқанын және оның өзге пәтерлерге де тарау ықтималдылығын анықтады. Осы себепті жедел әрекетке көшкен құтқарушылар түтін басқан подъезден 8 баланы құтқарды, олардың ішінде екі бала бар. Сондай-ақ 25 адамды эвакуациялады, оның 7-уі бала, - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Осыған дейін Павлодарда ер адам әйелі мен үш баласын өрттен құтқарып, өзі құрбан болғаны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью