Қарағандыда полицейлер ірі көлемдегі психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтатты

14.10.2025

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: polisia.kz

Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру кезінде анықталғандай, 40 жастағы Астана қаласының тұрғыны басқарған көліктен Тропикамид препаратының 82 қаптамасы, Прегабин Рихтер 30 препаратының 6 қаптамасы және Мидакс препаратының 240 қаптамасы тәркіленді.

Барлық препарат сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

Полицейлер күдікті мен оның сыбайластарын анықтау және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын зерттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгін, 11:14

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью