Қарағандыда құдыққа түскен көлік иесі сот арқылы 600 мың теңге өндіріп алды

30.10.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қарағанды қаласының тұрғыны тұрғын үй ауласындағы ашық құдыққа көлігімен түсіп кетіп, автокөлігіне зақым келген соң, сот арқылы 600 мың теңгеге жуық өтемақы өндіріп алды. Шығынды өтеу міндеті қалалық құрылыс бөліміне жүктелді.

Оқиға биыл наурыз айында болған. Ер адам көлігімен ашық құдыққа түсіп кеткен. Кейін сотта анықталғандай, құдықтың айналасында ешқандай қоршау да, ескерту белгілері де болмаған.

Салдарынан автокөлікке айтарлықтай зақым келіп, оны жөндеуге көлік иесі 597 мың теңге жұмсаған. Жауапсыздықты кешіргісі келмеген азамат ақауларды анықтау актісін, жөндеу жұмыстарының чектерін, мамандардың қорытындыларын жинап, құрылыс бөлімі мен жергілікті жылумен жабдықтаушы ұйымға қарсы сотқа талап арыз түсірді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдарды зерделеп, келтірілген залалдың толық сомасын қалалық құрылыс бөлімі өтеуі тиіс деген қорытындыға келді. Ал жылумен жабдықтаушы ұйымға қатысты талап арыз қанағаттандырылмады.

«Жауапкерлер жөндеу қажеттілігі мен оның құнын жоққа шығаратын дәлелдер ұсынбады. ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабының 1-тармағына сәйкес, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан келтірілген зиян оны келтірген тұлға тарапынан толық көлемде өтелуге тиіс», — деп түсіндірді сотта.

Бүгін, 14:37

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью