Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар күшейтілді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бағдат Кәкімовтың айтуынша, негізгі басымдық – құқық бұзушылықтың алдын алу және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Соған қарамастан, бір тәулік ішінде өңірде жол қозғалысы ережесін бұзудың 800-ден астам дерегі анықталған. Оның 70-і өрескел құқық бұзушылықтарға жатады.
Рейд барысында үш мас жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың қайтадан көлік тізгініне отырғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, 22 көліктің әйнегін заңсыз қараңғылау, 8 рұқсатсыз басқару және 16 сақтандыру полисінсіз көлік пайдалану фактісі тіркелді. Нәтижесінде 34 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Полиция мас күйінде ұсталған жүргізушілерге ерекше бақылау жүргізуде. Осындай жағдайлардың бірінде 38 жастағы тұрғын куәлігінен айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйінде көлік жүргізгені анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.