Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзудың жүздеген дерегі анықталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Қарағанды облысының полиция департаменті жедел-профилактикалық операция жүргізді. Операция аясында көші-қон қызметінің мамандары 192 жылжымайтын мүлік нысанын тексерді. 4 644 Қазақстан азаматы мен 546 шетелдік ресми түрде тіркелген мекенжайлар ерекше бақылауға алынды.
"Тексеру жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлерде, сондай-ақ 11 әлеуметтік маңызы бар нысанда: жатақханалар мен медициналық орталықтарда жүргізілді. Нәтижесінде 37 нысан "резеңке пәтер" ретінде танылды", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев.
Жалпы 441 құқық бұзушылық анықталды. 106 адам, оның ішінде 103 Қазақстан азаматы және 3 шетелдік тіркеу есебінен шығарылды.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде жалға беру және тіркеу қызметін ұсынып келген жеке үй иесі анықталды. 20 ақпандағы тексеріс кезінде бұл мекенжайда Ке. Үй иесіне әкімшілік шара қолданылды.