Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Өткен айдың ортасында Қазыбек би атындағы полиция басқармасына Қарағандының 44 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адамдардың ұйымның есігін бұзып кіріп, ақша ұрлап кеткенін хабарлаған.
"Жедел тергеу іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеген. Кадрлардан күдіктілердің бет-жүзі анық көрініп, бұл олардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік берген", – делінген хабарламада.
Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше қызметкерлерімен бірлесіп, күдіктілерді тұрғылықты мекенжайлары бойынша бір мезетте ұстады. Ұсталғандар – 32, 25 және 21 жастағы Қарағанды қаласының тұрғындары.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, полицейлер ұсталғандардың облыс аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.