Қарағандыда заңсыз тәлімбақтан Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленді

22.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Тергеу мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бастап «Құсбегілік» федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі бола отырып, Қарағанды қаласындағы өз үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған.

Аңшылық, қыран құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram парақшасы арқылы ол табиғи мекендеу ортасынан заңсыз алынған сирек жыртқыш құстарды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан.

Қызыл кітапқа енген керқұландар табиғатқа жіберілді

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс табылып, тәркіленді. Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қызыл кітапқа енген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген құстар санатына жатады.

Қазір күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

«Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына орналастырылды. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі», делінген ақпаратта.
Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аулағандар сотталды

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью