Қарағандыда жасөспірім қызды қатарластары аяусыз соққыға жыққан

25.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Қарағандыда 6 жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жасөспірімнің денесіндегі жарақаттардың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қыздың денесі ауыр соққыдан қанталап кеткен. Жәбірленушінің ата-анасы полицияға арызданып, қылмыстық іс қозғалды.

"Полиция алты кәмелетке толмағанды анықтап, бөлімге жеткізді. Күдіктілер жәбірленушіге қасақана дене жарақатын салған", - дейді полиция.

Жанжалды әу баста жас жігіт пен қыз бастаған. Олар тергеу изоляторына қамалды.

"Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде де қаралды", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілерді арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім қабылданды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью