24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қарағандыдағы №3 көпсалалы ауруханасында емделушілердің өтінішін жасанды интеллект қабылдай бастады. Оның көмегімен қабылдауға жазылып, дәрігерлік кеңес пен анықтама алуға, шағым немесе пікір қалдыруға болады. Осылайша мамандарға түсетін жұмыс жүктемесі азайып, жауап беру жеделдігі артқан.
Биыл аурухананың Call-орталығына 12 мыңға жуық өтініш түскен. Оларды қарастыру жеделдігі үш есе артқан. Жасанды интеллект көмегімен пациентпен әңгіме мәтіні автоматты түрде жазылады және өтініштер мазмұнына қарай жіктеледі.
Арман Дүйсенбинов, жобаны әзірлеуші IT компанияның бас директоры:
- Он екі мыңына да жауап берілді және де бұл деректер мекеме басшыларына, өңірлік Денсаулық сақтау басқармасына талдау жасауға негіз береді. Талдау негізінде тиімді басқару шешімдері қолданылады. Яғни қандай да бір мәселеге назар аударылатын болса, өтініштер саны көп болатын болса соған жұмысты күшейтіп, қосымша маман тартуға немесе қандай да бір кемшілікті жоюға мүмкіндік беріп отыр.