Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АЛМАТЫ, 2 шілде - Sputnik. Қарағандыда жол жөндеп жатқан жұмысшыны арнайы техника қағып қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 2 шілде сағат 14:30 шамасында болған. Қарағанды қаласының Республика даңғылын жөндеп жатқан жұмысшы оқиға орнында қайтыс болды.
"Жол жасайтын мекеменің бірінің 62 жастағы қызметкері арнайы техниканы артқа қарай шегіндірген. Сол сәт 53 жастағы әріптесін қағып кеткен", - дейді полиция.
Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.