Қарағандыда жүргізуші көлігімен күшіктерді басып кеткен

22.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Видеодан алынған кадр

Полицияның мәліметінше, жануарларды көлік қағып кеткені туралы хабарлама түскеннен кейін тексеру жүргізіліп, жүргізушінің жеке басы анықталған.

31 жастағы ер адам түсініктемесінде аулаға кірген кезде жол үстінде жүрген күшіктерді айналып өткенін айтқан. Алайда кері шығып бара жатқан сәтте көру мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты жануарларды байқамай қалғанын жеткізген.

Ақмола облысында зейнеткер итті балғамен ұрып өлтірді

Жүргізуші өзінің жануарларға қасақана зиян келтіру ниеті болмағанын мәлімдеді.

Алматы облысында ер адам итті өртеп жіберген

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы наурыз айының соңында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғамның наразылығын тудырған еді. Бейнеүзіндіде әйел адамның байлаулы тұрған итті күрекпен аяусыз ұрып жатқан сәті таспаланған. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью