Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оқиға орнына төтеншеліктер жедел жетті. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде жалынның жақын маңдағы қонақ үй коттедждеріне таралуына жол берілмеді.
«Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 15 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 8 орман өрті тіркелді. Өрттің үшеуі «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, екеуі Сандықтау орман шаруашылығында, тағы екеуі «Бурабай» ұлттық паркінде, Ақмола және Қостанай облыстарында тіркелген.