Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қарағандыда 66 жастағы әйел көршісі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өсек-аяң полицияға жетті
Қарағандының 34 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, көршісінің өзі туралы жалған ақпарат таратып жүргенін мәлімдеген.
Арызды Ә. Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы тексерген. Полицей үй тұрғындарынан жауап алды. Бірнеше көршісі тұрғындар арасында расымен де түрлі қауесеттер тарағанын растады. Олардың айтуынша, бұл мәліметтердің таралуына 66 жастағы әйел себепші болған.
Әйел полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерде ол арызданушы туралы ақпарат таратқанын мойындады.
Іс сотқа дейін бардыІс материалдарын сот қарады. Әйел басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.
Полиция қазақстандықтарға өзге адамдар туралы ақпараттың анық-қанығын тексеру қажет екенін, сондай-ақ өз сөздері мен іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Tengri Life Қазақстанда біреудің құпиясы мен жеке ақпаратын жариялаудың соңы неге әкеп соғуы мүмкін екенін анықтап көрген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу