Қарағандылық полицейлер зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктіні әшкереледі

14.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 50 жастағы күдіктіні ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол зейнеткерлерге қарсы жасалған бірнеше ұрлыққа қатысты күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша түрлі сылтаулармен қарттардың пәтеріне кірген. Сеніміне кіріп, жинаған ақшаларының қайда сақталғанын білген соң, ыңғайлы сәтті пайдаланып, қаражатты ұрлап, «ізін суытқан». Соның салдарынан жәбірленушілер күнкөріс қаражатынан айырылған. Осылайша полицияға 83 жастағы қарағандылық әйел жүгініп, шағымданушының көрсетулері бойынша жедел-іздестіру шаралары қолға алынған.

Ақша ұрлаған бухгалтер 7 жылға сотталды

«Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көп ұзамай күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Тергеу барысында ер адам 83 жастағы әйелдің ақшасын ұрлағанын мойындап қана қоймай, тағы бір ұқсас қылмыс жасағанын да растады», делінген Ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Ақмола облысында аурухана есепшісі 10 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған

Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу және жедел шаралар жалғасып жатыр. Полиция күдіктінің бұған дейін зейнеткерлерге қатысты жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын мұқият тексеріп жатыр.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты

Ғылым • Бүгін, 16:57

Ұлытау облысында Telegram арқылы есірткі сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

Қоғам • Бүгін, 16:48

Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Хоккей • Бүгін, 16:42

Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымын қабылдады

Президент • Бүгін, 16:35

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Қоғам • Бүгін, 16:30

Спорт мектептері жаңа қаржыландыру жүйесіне өтеді

Спорт • Бүгін, 16:26

Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі 58 миллион теңге жымқырған

Аймақтар • Бүгін, 16:07

Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Қоғам • Бүгін, 15:54

15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді

Қоғам • Бүгін, 15:22

Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған

Экономика • Бүгін, 15:21

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады

Президент • Бүгін, 15:04

«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?

Балалар • Бүгін, 14:30

Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді

Технология • Бүгін, 14:29

11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қазақстан • Бүгін, 14:10

Шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту: Бектенов Үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды

Үкімет • Бүгін, 13:55

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью