Қарағандылық шебер балаларға арналған көрме өткізді

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қарағандылық шебер Валерий Роголев шағын қала композициясын жасап, көрмеге қойды.

Жаңа жыл қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Макеттен шырша ойыншығын шығаратын фабриканы, хоккей ойнап жүрген балаларды, қысқы табиғатты және шанамен жүйткіген Аяз атаны көруге болады. Валеридің мамандағы  музыкант. Оған қоса тақырыптық инсталляциялар құрастырғанды ұнатады. Әр мереке сайын көпшілікке осындай тарту жасайды. Қажетті шығынды да өзі көтереді. Мақсаты - балаларды қуанту және қол еңбегінің құндылығын түсіндіру.

Валерий Роголев, қала тұрғыны:

- Мен балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру үшін осындай дүниелерді жасаймын. Технология дамып кеткен заманда қол еңбегінен, шынайы шығармашылықтан алыстап кетпесе екен деп тілеймін. Кейде көрмелер өткізіп, жасаған компазицияларым туралы түсіндіремін. Мұндай шаралар олардың ой-өрісін кеңейтіп, ізденісін арттырады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью