Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қарағандыда көршісіне жала жапқан әйелге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағандыда 66 жастағы зейнеткер көршісін өсектегегі үшін 484 мың теңге айыппұл төледі.
"34 жастағы қала тұрғыны өзі туралы "басқа ер адамнан бала туып алған" деген жалған қауесет таратқан көршісінің үстінен полицияға шағымданған. Учаскелік инспектор тұрғындарды аралап, өсек айтқан әйелді тауып алған", - дейді полицияда.
Жала жапқан 66 жастағы көршісі кінәсін мойындаған.
Сот шешімімен оған 484 400 теңге көлемінде айыппұл салынды.