Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі Алматы ауданы әкімдігіне түсті. Аудан әкімдігі саябақ, көше, аялдама тазалығына жауапты Damu Life ЖШС-не жіберді.
Damu Life басшысы Жандос Ерекешовтің айтуынша, Qarakesek лақап атымен танымал әнші Омар Амантаев Наурыз мейрамдарынан кейін жұмысқа кіріскен.
— Маған бағыттағаны рас. Көше тазалаушы болып жұмыс істеп жатыр. Белгіленген 100 сағатта да бізде жұмыс істейді. Бірақ мен өз жұмысшыларым туралы басқа ақпарат бере алмайды. Біздің компания Ақтөбе қаласының Заречный тұрғын алабына жауапты. Мұнда аялдамаларды, жаяу жүргіншілер жолын, саябақтарды тазалау жұмысын жүргіземіз, — деді Жандос Ерекешов.
Еске салсақ, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды. Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Омар Амантаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындады.
Есірткі затын тауып алып, сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық тартылады. Сонымен бірге психиатрдан ем алуы тиіс.