Qarakesek лақап атымен танымал әншінің ісі сотқа түсті

13.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, әнші Омар Амантаевтың ісі №2 Ақтөбе қалалық сотында қаралады. Басты сот талқылауы 18-ақпан сағат 14:30-ға белгіленген.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, әншіге Қылмыстық кодексінің 296- бабының 3-бөлігімен айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілмеген. Айыпталушы хаттамамен және іс материалымен танысқан. Ешқандай да арыз, өтініш берілмеген.

Еске салсақ, былтыр күзде Ақтөбеде ескірткіге мас күйінде көлік жүргізген рэп орындаушысы Qarakesek ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды және ол 7 жыл көлік жүргізе алмайды.

Сонымен қатар есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық кодексінің 296- бабының 3-бөлігімен тағылған айып дәлелін тапса, әншіге 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе 200 сағат жұмысқа тартылады. Тіпті 50 тәулікке қамалуы да мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью