Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жуырда Қаракөл көлінде суда жүзетін және су маңайы құстарының 60-шы халықаралық қысқы санағы өткен.
Соған сәйкес көлде 200 ге жуық сыбырлақ аққу, 150 ге жуық қасқалдақ, 100 шақты өгізшағала, 50-ге жуық барылдауық үйрек пен 20 шақты сарыайдар үйрек бар.
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынғанСонымен қатар, 7 сұңқылдақ аққу, 3 саз құладыны, 2 аққұйрықты субүркіт пен 1 көкқұтан есепке алынған.
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған— Санақ барысында сирек кездесетін құстар да кездесті. Мысалы, сұңқылдақ аққу мен аққұйрықты субүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, яғни ерекше қорғауды талап ететін құстар, — дейді ECOJER аймақтық экология кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.
Санақты Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің экология бойынша үйлестірушісі Бақытгүл Өмірханқызының жетекшілігімен «Эколидер» волонтерлік клубы «Қаракөл сақшылары» жасағының белсенді мүшелері Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерінің қатысуымен жүргізген.
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынғанБұған дейін, Ақтауда әлсіреп, ұша алмай қалған екі аққу құтқарылған болатын.
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған