Қарақабақта қазба жұмыстары басталды

05.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл жер Ұлы Жібек ­жолы­ның солтүстік тарма­ғындағы ма­ңыз­ды теңіз-құрлық сау­да торабы ретінде Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық және сауда байланыстарында ерекше рөл атқарған. Қалашықтан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылған, сондай-ақ тарихи орыннан археологтер көне порт қызметін атқарған аймақтың іздерін, қолөнер өндірісі мен теңіз саудасына қатысты көптеген дерек анықталды.

Көне қалашық орнына Ақтаудағы Ә.Кекілбайұлы атын­дағы Маңғыстау облыс­тық тарихи-өлкетану музейі­нің жаңадан құрылған Археология бөлімінің ма­мандары Ә.Х.Марғұлан атын­дағы Археология инсти­тутының ғалымдарымен бір­лесіп, ғылыми зерттеу және археологиялық қазба жұмыс­тарын бастады.

Аталған жоба аясында тарихи ескерткіштің құрылымдық ерек­шеліктері, мәдени қабат­та­ры және археологиялық әлеуеті кешенді түрде зерттеліп, қазба барысында анықталатын жәдігерлер мен ғылыми деректер ескерткіштің тарихи кезеңдерін нақтылауға, өңірдің көне тарихын тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысы Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, ғылыми ай­налымға жаңа деректер енгізу және археологиялық құн­дылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Жұртшылықты хабардар ету мақсатында қазба жұмыстарының нәтижелері, табылған археологиялық олжалар мен тың мәліметтер Ә.Кекілбайұлы атындағы Маң­ғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ресми ақпараттық алаңдарында арнайы айдар аясында тұрақты түрде жарияланып отырады.

Маңғыстау облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью