7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанда Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары басталды.
Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, биыл жобаның құжаттамасын дайындау кезеңі қолға алынған. Ол бірнеше кезеңнен тұрады және жоспарға сәйкес осы жылы құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы мен қытайлық CITIC Construction Co., Ltd арасында Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салуға қатысты ынтымақтастықтың базалық қағидаттары жөнінде келісім жасалған болатын.
Аталған құжат жобаны іске асырудың негізгі тетіктерін айқындайды. Оның ішінде жобаның болжамды құнын бағалау, қажетті жабдықтар кешенін анықтау және тараптардың ынтымақтастық бағыттары қарастырылған.