Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
ҚазМұнайГаз бен Қытайдың CITIC Group корпорациясы арасындағы серіктестік жаңа деңгейге көтерілді.
Бейжіңде өткен кездесуде ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа Маңғыстаудағы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қызметін талқылады. Биылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпорын 1 млн 18 мың тонна мұнай өндірген.
Теңіз жағалауы аймағында бұрғылау жұмыстары кеңейіп, ұңғыма саны бастапқы жоспардағы 25-тен 48-ге дейін артты. Бұл қосымша 50 мың тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді.
Серіктестіктің тағы бір маңызды нәтижесі — Ақтаудағы «CASPI BITUM» зауытының жаңғыртылуы. Зауыттың қуаты жылына 1,5 млн тонна мұнай өңдеуге, ал жол битумын шығару көлемі 750 мың тоннаға жетті. Қазіргі таңда кәсіпорын ішкі нарықты сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп отыр.
Асхат Хасеновтің айтуынша, CITIC Group-пен бірлескен бастамаларды жалғастыру қолданыстағы активтердің тиімділігін арттырып, стратегиялық серіктестікті нығайтады.
Бүгін, 13:28